Алматыда қаржылық пирамида әрекеттері анықталды

Алматыда үш қаржылық пирамида ұйымының қызметі тоқтатылды.

👁️ 34
Сурет: inalmaty.kz

Алматы қаласында «Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» атауларымен танымал ұйымдардың заңсыз қызметтері тоқтатылды. Бұл туралы inalmaty.kz тілшісі хабарлайды.

Ұйымдастырушылар салымшыларға видеоконтентті көруге және жаңа қатысушыларды тартуға жоғары табыс ұсынған. Жобалар 9 деңгейлі көпсатылы жүйе бойынша жұмыс істеп, орташа салым шамамен 225 мың теңгені құраған. Барлық транзакциялар тек USDT криптовалютасында жүргізілген.

«Warner Bros» жобасының қатысушылары арнайы қосымшада тіркеліп, криптовалюта арқылы қолжетімділік сатып алып, трейлерлерді көру және жолдама шақырулар үшін виртуалды сыйақылар алған», — делінген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарламасында.
— Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Тергеу барысында қаражат жинау және аудару үшін қолданылған криптокошельктер анықталды. Сот шешімімен жалпы сомасы 3,8 миллион USDT болатын криптоактивтерге тыйым салынды. Басқа мәліметтер ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды.