Қазақстан Иранмен жаңа экспорттық арнаны ашты
Қазақстан Иранмен ветеринарлық сертификаттарды келісіп, экспорттық арнаны ашты.

Қазақстан мен Иран түйе, қой терілері және қой жүніне арналған ветеринарлық сертификаттарды келісіп, жаңа экспорттық арнаны ашты. Бұл қадам қазақстандық кәсіпорындардың Иран нарығына қосымша өнім түрлері арқылы шығуына мүмкіндік берді - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Сертификаттар мен келіссөздер
Экспорт бойынша келісімді Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Амангалий Бердалин Иранның ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары және Ветеринарлық ұйымның басшысы Алиреза Рафипурмен өткізген кездесуде талқылады.
Тасымалдау мерзімдерінің ұзартылуы
Қазақстандық тарап онлайн форматта өткен конструктивті диалог үшін Иран тарапына алғыс білдірді. Кездесудің нәтижесінде ирандық тарап қазақстандық сиыр мен қой етінің жеткізілу мерзімдерін ұзартуға шешім қабылдады. Оңайлатылған мерзімдер: тоңазытылған өнімдер үшін 6 күн, мұздатылғандар үшін 10 күнге дейін созылды.
Экспорттық баж салығының күшін жою
Сонымен қатар, межведомствалық комиссия сәуірде ауыл шаруашылығы жануарлары терілері мен жүнін экспорттауға арналған баж салығын 3 жылға алып тастау туралы шешім қабылдады.