Қазақстаннан Қытайға май экспортында рекордтық өсім

Қазақстанның май және жоғары белокты жемдік өнімдерінің экспорты 10 есе артты.

👁️ 11
Сурет: eldala.kz

Соңғы бес жылда Қазақстаннан Қытайға өсімдік майы мен жоғары белокты жемдердің тасымалдау көлемі 10 есе артты. 2024 жылы Қытай Халық Республикасына 190 мың тоннадан астам өсімдік майы жөнелтілсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 207 мың тоннаға жетеді - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.

Логистикадағы жетістіктер

Өткен жылдың басынан бастап «Қазақстан темір жолы» (КТЖ) ұлттық компаниясы майлы дақылдарды өңдеушілер қауымдастығымен бірлесе отырып, тасымалдау жоспарларын келісу, уақытылы жүктеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Бүгінгі таңда өсімдік майының тасымалын жоспарлаудан бастап жеткізуге дейін барлық логистикалық процестері толықтай ретке келтірілген.

Жаңа терминал және контейнерлік тасымал

Майды Алашанькоу станциясындағы жаңа терминал арқылы айналдыру жөніндегі пилоттық жобаның енгізілуі маңызды қадам болды. Бұл жоба Қытайдағы СУАР үкіметімен қол жеткен келісімдерге сәйкес жүзеге асырылды.

“2021 жылдан бастап КТЖ контейнерлік тасымалдарды белсенді түрде дамытып келеді. Бұл логистика форматы шығындарды азайту, жүктеу-түсіру операцияларын жылдамдату және тасымалдаудағы сенімділікті арттыру арқасында экспорт көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.”
— Қазақстан темір жолы.

Соңғы үш жылда өсімдік майлары бар 30 контейнерлік пойыз Қытайға және басқа елдерге жөнелтілді. Қазақстан майлы өнімдер нарығындағы өзінің орнын бекіте отырып, экспорт көлемін арттырып келеді.