Арыста 50 мың басқа арналған отқару алаңы салынады

Арыста мал өсіру саласында жаңа жобалар жүзеге асырылуда.

👁️ 10
Сурет: eldala.kz

Түркістан облысы Арысы қаласында 50 мың басқа арналған отқару алаңы салынып жатыр. Бұл жоба өңірде австралиялық мал шаруашылығы әдістерін енгізу аясында іске асырылуда - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.

Арыстағы «Turkestan Agro.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында екі ірі жоба жүзеге асырылуда. Біріншісі - ет бағытындағы ірі қара мал өсірумен айналысатын репродуктор, екіншісі - 4710 гектар жерде суару жүйесімен мал азықтық дақылдарын өсіру.

«Салынған нысандар австралиялық «торлы» жүйе бойынша малды ұстайтын болады. Жобаның бірінші кезеңінде биылғы жылдың соңына дейін отқару алаңы 15 мың басқа арналған болады. 2025–2026 жылдары тағы 10 мың, ал 2026–2027 жылдары 25 мың басқа арналады», - деп хабарлады әкімдіктен.

Жобаның құны 16,2 миллиард теңгені құрайды. Өндірісте шамамен 100 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Жобадағы инновациялық технологияларды пайдалану отқару алаңын қажетті көлемдегі азықпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ мал шаруашылығының өнімділігін және ет өнімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді әкімдіктен.