Алматыда жақсы жаңалық: ауыр науқас аман қалды

Алматыда дәрігерлер өкпесінің ауыр ауруына шалдыққан науқасты құтқарды.

👁️ 5
Сурет: inalmaty.kz

60 жастағы науқас «оң өкпенің жоғарғы бөлігіндегі гиганттық буллездік эмфизема, өкпенің пневмотораксымен асқынған» диагнозымен Алматыдағы №1 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлерінің көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

Науқас 18 ақпан күні тыныс алудың қиындауы мен кеуденің ауырсыну белгілерімен ауруханаға түскен. Дәрігерлер алдын ала дайындықтан кейін 20 ақпанда видеоторакоскопиялық операция жасап, өкпе буллаларын алып, плевра қуысын дренаждады.

Операциядан кейін науқастың жағдайы жақсарып, асқынуларсыз өтті. Науқас қанағаттанарлық күйде ауруханадан шығарылды.

Гиганттық буллездік эмфизема туралы не білеміз?

Гиганттық буллездік эмфизема өкпе тінінде үлкен ауа қуықтарының (буллалардың) пайда болуына себеп болып, газ алмасуын бұзады. Науқастар күшті ентігу мен кеудедегі ауырсынуды сезінеді. Булланың жыртылуы пневмотораксқа әкелуі мүмкін, бұл қауіпті жағдай, онда ауа плевра қусына шығып, өкпенің коллапсына себеп болады.

Хирургиялық емнің маңызы

Дәрігерлердің айтуынша, хирургиялық ем болмаса, науқастарда рецидивті пневмоторакс пен прогрессивті тыныс алу жетіспеушілігі пайда болуы мүмкін. «Біз қазіргі заманғы аз инвазивті әдістерді қолданамыз, бұл мәселені тиімді шешуге және науқастардың өмір сапасын жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік береді», - дейді №1 ГКБ торакальді бөлімнің бастығы Нұрхат Жунисов.