Zeekr 009 Grand Collector Edition таныстырылды
Жаңа вэннің ерекшеліктері мен бағасы жайлы

Компания жаңа нұсқадағы 009-дың алғашқы суреттерін жариялады. Ол — бренд ұсынатын ең қымбат вэн. Бағасы — 899 000 юань (64.5 млн теңге).
- 009 Grand Collector Edition - электромобильдің негізгі ерекшеліктері:
009 Grand Collector Edition деп аталатын электромобильдің басты ерекшеліктерінің бірі — салонындағы материалдар. Zeekr дизайнерлері минивэндегі жеті логотипті әрлегенде алтын қолданған.
Grand Collector Edition жабдықталуы жағынан осы уақытқа дейін ең қымбат түрленім саналған Grand Edition-ге ұқсамайды. 009-дың күштік құрылымы 778 ат күші мен 810 Нм момент береді және 108 кВт·сағ батареядан қуат алады. Жүріс қоры 702 шақырымға жетеді.
Мамандар вэннің төрт адамға шақталған салонының екінші қатарына аса сәнді орындықтар қойған, жүргізуші мен жолаушы арасындағы жерде 43 дюймдік дисплей тұр. Одан бөлек тоңазытқыш (18 литр) және сан түрлі опция бар. Компания өкілдері интерьерін әрлегенде премиум материалдар қолданғанын атап өтті.
Бренд Zeekr 009 Grand Collector Edition модификациясын 23 сәуірде есік ашатын Шанхайдағы автосалонда таныстырып, маусымда клиенттеріне жеткізе бастайды.
Төменде Zeekr 009 Grand Collector Edition-ның алғашқы суреттерін көре аласыз: