Илон Маск Grokipedia — «анти-Уикипедияны» фейксіз іске қоспақ
2025 жылдың қазан айының ортасында Илон Маск жасанды интеллект фактілерді өзі тексеріп, мақалаларды қайта жазатын жаңа буындағы энциклопедия — Grokipedia-ны іске қосады.

Илон Маск жасанды интеллект жасауға маманданған xAI компаниясының жаңа жобасының жақында іске қосылатынын жариялады. Grokipedia деп аталатын бұл жаңа платформа «Уикипедияға» бәсекелес ретінде ұсынылып, пайдаланушыларға білім алудың жетілдірілген жүйесін ұсынуға бағытталған.
Маск әлеуметтік желідегі X парақшасында жариялағандай, Grokipedia-ның «0.1 ерте бета-нұсқасы» 2025 жылғы қазанда пайда болады. Бұл жоба интернет-энциклопедия түрінде сипатталады және қолда бар баламалармен салыстырғанда едәуір жетілдірілген, оған Grok тілдік моделін біріктіру арқылы қол жеткізілген.
Version 0.1 early beta of Grokipedia will be published in 2 weeks https://t.co/M6VrGv8zp5
— Elon Musk (@elonmusk) October 5, 2025
Grokipedia-ның басты ерекшелігі – жасанды интеллектің ақпаратты талдап, мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, мәтіндерді қайта жазуында. Бұл тәсіл шындыққа жанаспайтын деректерді жоя отырып, жетіспейтін мәліметтерді толықтырады. Осылайша, Grokipedia адамзат пен жасанды интеллект үшін «білімнің шынайы көзіне» айналуға ұмтылады.
«Grokipedia адам баласы мен жасанды интеллект үшін ешқандай шектеусіз білімнің әлемдегі ең ауқымды әрі дәлме-дәл көзі болады»
Платформа Grok моделін X әлеуметтік желісіндегі чатбот секілді пайдаланады. Жүйе ауқымды ақпарат ауқымын – «Уикипедия» материалдарын, ғылыми жарияланымдарды, жаңалық көздерін өңдей алады. Анализ аяқталған соң, жасанды интеллект мәліметтердің сенімділігін анықтап, мақала мәтінін соған сай қайта жазады.
Сарапшылар Grokipedia дәстүрлі энциклопедия мен X-ta пайдаланушыларға жаңылыстыратын тұжырымдарға қарсы пікір білдіруге мүмкіндік беретін Community Notes элементтерін біріктіруі мүмкін деп болжайды. Сонымен бірге, платформаға тек адамдар ғана емес, басқа нейрожелілер де қол жеткізе алады, бұл оны Маск жасанды интеллект экожүйесінің бір бөлігіне айналдырады.
Егер жоба сәтті жүзеге асса, Grokipedia интернеттегі білім тарату тәсілін түбегейлі өзгертіп, субъективті модерацияны алгоритмдік фактчекингке алмастыра алады.
xAI мен Grok жайлы не белгілі
xAI компаниясы Илона Масктың бастамасымен 2023 жылы құрылған. Оның мақсаты – «ғаламды түсінетін» жасанды интеллект жасап шығару. Негізгі өнімі — X әлеуметтік желісіне біріктірілген, деректер ағындарымен нақты уақытта жұмыс істей алатын және саркастикалық жауаптарымен ерекшеленетін Grok тілдік моделі.
Grokipedia – компанияның жасанды интеллект пен адамдар бірігіп деректер өңдейтін ауқымды ұжымдық интеллект құралына жасалған алғашқы ірі қадамы болмақ.