Қазақстандық блогерлер жаңа функциялармен YouTube-та әлемді бағындыра алады

YouTube көптілді аудиожолақтарды іске қосты. Бұл Қазақстанның көрермендеріне қазақ және орыс тілдеріндегі контент көлемін арттырса, блогерлерге — жаһандық аудиторияға шығудың жаңа мүмкіндіктерін береді.

👁️ 22
Сурет: mediacube.io

YouTube миллиондаған креаторлар үшін көптілді аудиофункцияны кеңейтетінін хабарлады. Енді авторлар жүктеген жаңа видеолар ондаған тілге аударылу арқылы ұсынылады. Бұл Қазақстан көрермендеріне орыс және қазақ тілдеріндегі видеоларды сыртқы субтитрлерсіз және кідіріссіз көруге мүмкіндік береді.

Компанияның мәліметінше, көптілді аудиожолақтар қолданылған арналарда көрулердің орта есеппен 25%-дан астамы аударма үлесіне тиесілі. Бұл құрал авторларға бір ел мен бір тілдің шеңберінен шығып, көрермен санын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мысалы, шеф-аспаз Джейми Оливер көптілді аудиожолақтарды қосудан кейін өзінің қаралымын үш есеге арттырды. Әлемнің ең танымал блогерлерінің бірі, MrBeast, аударма арқылы миллиондаған жаңа көрерменге жетсе, Марк Робер видеоларын бірден 30-дан аса тілде шығарады.

Қазақстан үшін бұл функция екі үлкен мүмкіндік ашады. Біріншіден, қазақ және орыс тілді көрермендер әлемдік контентке ыңғайлы форматта қол жеткізе алады. Екіншіден, жергілікті блогерлер өз видеоларын аударып, Түркиядан Бразилияға дейінгі жаңа жанкүйерлерді таба алады.

Сонымен қатар, YouTube видеоларға көптілді мұқабаларды тестілеуді бастады, олар пайдаланушының тіліне қарай автоматты түрде локализацияланады. Бұл авторлардың қамтылуын арттырып, платформаны әлемнің түкпір-түкпіріндегі шығармашыл жандар үшін одан әрі ыңғайлы етеді.

«Енді қазақстандық креаторлар ел ішінде ғана емес, жаһандық нарыққа да шығуға мүмкіндігі бар. Көрермендер үшін бұл орыс және қазақ тілдерінде сүйікті видеоларын тамашалау, авторлар үшін – танымалдық пен табысын арттыру мүмкіндігі»,

— деп атап өтеді цифрлық медиа саласының сарапшылары

Мамандардың болжауынша, көптілді аудионы енгізу соңғы жылдардағы YouTube-тың ең маңызды қадамдарының бірі болмақ.