Алматыдан Таразға күндіз ескі Қордай асуы арқылы жүруге тура келеді

7 тамыздан бастап Қордайдың жаңа асуында жөндеу басталды. Таразға бағыт алған көліктер 08:00-20:00 аралығында ескі асу арқылы өтеді.

👁️ 0
Алматыдан Таразға баратын көліктер Қордайдың ескі асуы арқылы жүріп келеді
Сурет: GPT

7 тамыздан бастап Жамбыл облысындағы Алматы – Тараз жолының Қордай жаңа асуындағы 159-238-шақырымында қозғалыс уақытша шектелді. «ҚазАвтоЖол» мәліметінше, орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Тараз бағыты бойынша шектеу күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін қолданылады.

Осы уақыт аралығында Алматыдан Таразға қарай жолға шыққан көліктер Отар – Қордай – Қайнар бағытымен жүреді. Бұл бағыт Қордайдың ескі асуы арқылы өтеді.

Шектеу жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін сақталады. Жұмыстың нақты қашан аяқталатыны әзірге айтылған жоқ.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілеріне және белгіленген жылдамдық режиміне назар аударуды сұрады. Жөндеу жүріп жатқан учаскеде көлік жүргізгенде барынша мұқият болған жөн.