Телефон аларда IMEI тексеру керек: Қазақстанда байланыс заңы өзгереді
Қазақстандағы жаңа заң телефон сатып алу, SIM рәсімдеу, тариф пен IMEI тексерісіне қандай өзгеріс әкелетінін түсіндіреміз.
Қазақстанда телефон сатып аларда оның IMEI-кодын тексеру бұрынғыдан да маңызды болады: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев байланыс нарығы мен деректер орталықтарына қатысты жаңа заңға қол қойды. Негізгі нормалар 2026 жылғы 20 тамыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлады Акорда.
Бұл заң тек операторлар мен дүкендерге ғана қатысты емес. Ол смартфон сатып алатын, SIM-карта рәсімдейтін, тариф қолданатын және мемлекеттік қосымшаларға телефон арқылы кіретін кез келген адамға әсер етеді.
Телефон сатып аларда не өзгереді
Енді сатушы ұялы телефонды өткізер алдында оның идентификациялық кодын, яғни IMEI-кодын тексеруге міндетті болады. IMEI дегеніміз, телефонға зауытта берілетін жеке код. Ол құрылғыны желіде тануға көмектеседі.
Сатушы сатып алу құжаттарында телефонның IMEI-кодын көрсетуі керек. Сонымен қатар құрылғыда шектеу немесе бұғаттау бар-жоғын арнайы база арқылы алдын ала тексеруі тиіс.
Бұл талап маркетплейстерге де қатысты болады. Электронды сауда алаңдары сатушылармен жасалатын шарттарға телефонды сатпас бұрын IMEI бойынша тексеру міндетін енгізуі керек.
Покупатель не істеуі керек
- телефонның IMEI-кодын алдын ала сұрау;
- чекте немесе сатып алу құжатында IMEI көрсетілгенін қарау;
- құрылғының верификациядан өткенін тексеру;
- тым арзан, құжаты күмәнді телефондарға сақ болу.
Егер телефон верификациядан өтпеген болса, кейін оны желіде қолдану кезінде мәселе тууы мүмкін. Заңда мұндай жағдайда тұтынушы талабын ең алдымен сатушыға қоятыны көрсетілген.
Шетелден телефон әкелетіндерге шектеу бар
Жаңа норма бойынша жеке тұлға бір күнтізбелік жыл ішінде Қазақстанға жеке пайдалану үшін әкелген екі ұялы құрылғыдан артық верификациядан өткізе алмайды.
Бұл шектеу, ең алдымен, шетелден телефон әкеліп, оны Қазақстан желісінде қолданғысы келетін адамдарға маңызды. Бір-екі телефонды өзі үшін алып келу бір бөлек, ал бірнеше құрылғыны тұрақты түрде тасу бөлек мәселе ретінде қаралады.
SIM-карта рәсімдеуде биометрия қолданылады
Заңда ұялы байланыс қызметін көрсету туралы шартты абоненттің биометриялық аутентификациясынсыз жасауға тыйым салынатыны жазылған. Қарапайым тілмен айтқанда, жаңа SIM-карта немесе байланыс шарты рәсімделгенде адамның жеке басын биометрия арқылы растау қажет болады.
Мұндағы негізгі мақсаттың бірі, бөтен адамның атына нөмір рәсімдеу, алаяқтық қоңыраулар және күмәнді SIM-карталармен күресті күшейту.
Тариф қымбаттаса, оператор алдын ала ескертуі керек
Абоненттер үшін тағы бір маңызды өзгеріс тарифке қатысты. Оператор тарифті көтеруді жоспарласа, бұл туралы абонентке кемінде 60 күн бұрын хабарлауы керек.
Хабарлама SMS арқылы жіберіледі және оператордың интернет-ресурсында жариялануы тиіс. Яғни тариф бірден, ескертусіз қымбаттамауы керек.
| Жағдай | Не өзгереді |
|---|---|
| Телефон сатып алу | Сатушы IMEI-кодты құжатта көрсетіп, құрылғыны база арқылы тексеруі керек |
| Маркетплейстен алу | Сатушы телефонды сатпас бұрын оның шектеуі немесе бұғаттауы жоқ екенін тексеруге міндетті |
| SIM-карта рәсімдеу | Шарт биометриялық аутентификациядан кейін жасалады |
| Тарифтің өсуі | Оператор кемінде 60 күн бұрын SMS және сайт арқылы ескертеді |
| Шетелден телефон әкелу | Жеке пайдалану үшін жылына екі құрылғыдан артық верификациядан өткізуге болмайды |
Маңызды қосымшаларға трафик алынбауы тиіс
Сотовый операторлар әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар мобильді қосымшаларға тәулік бойы тарифтелмейтін қосылуды қамтамасыз етуі керек. Яғни мұндай қосымшаларға кірген кезде интернет-трафик үшін ақы алынбауы тиіс.
Қай қосымшалар бұл тізімге кіретінін уәкілетті орган анықтайды. Сондықтан нақты тізім кейін бөлек бекітіледі.
Алаяқтық қоңырауларға қарсы нормалар да бар
Заңда байланыс желілері арқылы заңсыз трафик өткізуге, алаяқтық мақсаттағы автоматты қоңырауларға және код жеткізу үшін жасалатын күмәнді шақыруларға қатысты нормалар да енгізілген.
Операторлар алаяқтықта қолданылатын нөмірлер мен трафик белгілері туралы бір-бірімен ақпарат алмасуға міндеттеледі. Бұл телефон арқылы жасалатын алаяқтықты азайтуға бағытталған.
Қарапайым сатып алушы үшін ең басты кеңес: телефон аларда оның IMEI-кодын сұраңыз, құжатын тексеріңіз және маркетплейстегі арзан ұсынысқа бірден сенбеңіз. Жаңа талаптар толық күшіне енген соң, тексерілмеген телефон сатып алу бұрынғыдан да тәуекелді болуы мүмкін.