Индонезияда нәресте саудасымен айналысқан халықаралық синдикат әшкереленді
Тергеу мен тұтқындаулар жүргізілді.

Индонезияда жүргізілген тергеу барысында нәресте саудасымен айналысатын ірі халықаралық қылмыстық синдикат әшкереленді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 2023 жылдан бері кем дегенде 25 бала Сингапурға сатылған. Бұл жөнінде «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі хабарлады.
Апта ішінде Индонезияда осы қылмыстық синдикаттың 13 күдікті мүшесі ұсталды. Олар алты баланы Понтианак және Тангеранг қалаларына сатуды жоспарлаған.
Бұл балалар Понтианакта ұсталды, оларға иммиграциялық құжаттар дайындалып, ары қарай Сингапурға жөнелту көзделген.
Полиция синдикаттың ата-аналармен әлеуметтік желілер арқылы байланыс орнатып, алдымен көмек ұсынғанын, кейін жеке байланыс құралдары арқылы келіссөз жүргізгенін айтады. Кейбір кезде нәрестелер ананың құрсағында жатқанда-ақ «брондалған», ал ата-аналарға босану шығындары өтелген және соңғы мәміле жасалған.
Кейбір нәрестелер тіпті ананың құрсағында жатқанда-ақ «брондалған».
Синдикат құрылымы жақсы ұйымдастырылған: іздеушілер, құжат қолдан жасаушылар және қамқоршылар болған. Нәрестелерді бірнеше кезең арқылы жеткізіп, қабылдаушы тарапқа Понтианакта тапсырған, сол жерде қажетті құжаттар рәсімделген.
Нәрестелер 11-16 миллион индонезиялық рупийге (670-980 АҚШ доллары) сатылған. Әзірге 25 нәрестенің саудасы анықталды: 12 ұл және 13 қыз бала, олардың дені Батыс Явадан шыққан.
Индонезия полициясы Интерпол және Сингапурлық әріптестерімен бірге бұл қылмыстық желіні толық жою және әлі де бостандықта жүрген адамдарды, соның ішінде сатып алушыларды анықтау үшін белсенді жұмыс атқаруда.