Бәйшешек жер астында гүлдей алады — көбеюдің сирек әдісі

Бәйшешек тек жер бетінде ғана емес, жер астында да гүлдейді — бұл өсімдіктің кез келген жағдайда тірі қалуына мүмкіндік беретін сирек кездесетін көбею тәсілі.

👁️ 30
Сурет: olaminabotanicals

Бәйшешек — бақтар мен саябақтарымызда жиі кездесетін, нәзік те көркем өсімдіктердің бірі. Алайда, оның қарапайым күлгін гүлдері бұл тарихтың бір ғана бөлігі. Бәйшешекте көбеюдің жасырын тәсілі бар: ол жер астында да гүл ашады.

Көктемде бізге таныс күлгін жапырақшалар пайда болады — бұлар хазмогамдық гүлдер. Олар ашық түрде гүлдеп, жәндіктердің: ара, соналар мен қоңыздардың көмегіне мұқтаж. Көптеген өсімдіктер дәл осылай көбейеді.

Бірақ жазға таяу, күзге қарай бәйшешек «B жоспарын» іске қосады. Ол клейстогамдық — көзге көрінбейтін, толық жабық, жер астында жасырынған гүлшелер шығарады. Бұл гүлдер өздігінен тозаңданады, яғни, опыландырғыш жәндіктердің араласуынсыз да тұқым беруін қамтамасыз етеді. Сондықтан да Viola туысы клейстогамдық өсімдіктер арасында ең үлкені болып саналады.

«Клейстогамия» сөзі гректің kleistos — «жабық» және gamos — «неке» деген ұғымдарынан шыққан. Яғни, бұл — «жабық неке», мұнда өсімдік өздігінен, еш куәгерсіз және арашасыз көбейеді.
Ботаниктер

Қызығы, бәйшешек өз стратегиясын қоршаған ортаға байланысты таңдайды. Егер көктем жылы әрі жәндіктерге бай болса — жер бетінгі гүлдер көбейеді. Ал жаз суық не күз құрғақ болса — өсімдік жер астындағы гүлшелерге басымдық береді. Осылайша, ол ауа райына бейімделіп, әрдайым тұқымдану мүмкіндігін сақтайды.

Тек бәйшешек қана емес

Клейстогамия басқа өсімдіктерде де кездеседі. Мысалы, жер астында өзін-өзі тозаңдандыратын гүлдерді арахис, кейбір бұршақ тұқымдастар, сонымен қатар қолайсыз жағдайда бидай мен күріш те түзеді. Алайда дәл бәйшешек бұл әдісті ең көп қолданушы: оның туысына жататын жүздеген түр осындай айлакер тактиканы пайдаланған.

Бәйшешек бізге: әрдайым қосымша жоспардың қажет екенін еске салады. Көктемде — ара мен адамдар үшін ғажап сұлулық, ал ұрпақ жалғастыру ісі — жасырын әрі сенімді түрде, жер астында. Эволюция оған қосарланған стратегия сыйлап, осы ерекшелігі бәйшешекті жан-жақта өсетін, төзімді түрге айналдырды.

Бәйшешек туралы 5 қызықты дерек

  • Бәйшешек — шипалы өсімдік. Оның жапырағы мен гүлдері тыныс жолдарын жұмсартатын, ылғалдандыратын және ағзаға күш беретін құрал ретінде пайдаланылады.
  • Бәйшешекте екі түрлі гүл бар. Көктемде ашылатын көрікті гүлдері — жәндіктерге арналған, ал көзге көрінбейтін жер асты гүлдері — сенімді түрде көбею үшін қажет.
  • Ол «ауа райын оқи» алады. Климатқа қарай, өсімдік қай гүлдің тиімді екеніне шешім қабылдайды — ашық па, әлде жабық па.
  • Бәйшешектер өте төзімді. Клейстогамиясының арқасында олар тозаңдатқыштар сирек кездесетін жерлерде де өсіп, көбейе алады.
  • Бәйшешек — кішіпейілдіктің символы. Көптеген мәдениетте бұл гүл нәзіктікпен, тыныш күшпен, табандылықпен байланыстырылады.