Qarakesek рэпері Ақтөбеде есірткімен ұсталды
Ақтөбеде полиция танымал рэпер Qarakesek-ті ұстады: одан есірткі заттары табылып, ол қамауға алынды әрі жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Ақтөбеде полиция қызметкерлері 31 жастағы рэп орындаушыны көлік тізгінінде есірткі әсерінде болған күйінде тоқтатты. Жеке тексеру кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет алынды, сарапшылар бұл заттың синтетикалық есірткі екенін анықтады.
«Медициналық сараптама оның көлікті есірткі әсерінде басқарғанын растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бөлек, құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, көлік жүргізу құқығынан жеті жылға айырылды», – деп мәлімдеді полиция департаменті.
Ұсталған адамның есімі ресми түрде жарияланған жоқ. Алайда, дереккөздердің мәліметінше, әңгіме танымал рэп орындаушы Qarakesek туралы болып отыр.
Ақынның шын аты — Омар Амантаев, ол 1994 жылдың 17 қазанында Орал қаласында туған. Музыкалық жолын жасөспірім кезінде, веб-камераға жазған алғашқы бейнелерін жариялаудан бастаған. Бар болғаны он сегіз жасында алғашқы альбомдарын шығарып үлгерді. Уақыт өте келе Qarakesek Қазақстандағы ең танымал лирикалық рэперлердің біріне айналды, оның YouTube-тағы бейнебаяндарын миллиондаған адам тамашалайды.